KZ
Өскемен
-1°
небольшой снег жел 7 м/с, ОШ
529.65 544.64 5.16

Қазақстандағы екінші жағдай: көкжөтелден бала қайтыс болды

фото: depositphotos.com

25.06.2024, 11:02 97 Айжанат Бақытқызы

Қазақстанда тағы бір бала көкжөтелден қайтыс болды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Қауіпті инфекция салдарынан болған елдегі екінші өлім жағдайы туралы бас санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова айтып берді.

«Осы жылы көкжөтелден өлімнің екі жағдайы тіркелді. Қарағанды және Ұлытау облысында. Екеуі де вакцина алмаған. Екінші бала егу жасына жетпеген», - деді еліміздің бас мемлекеттік санитарлық дәрігері.

Дәрігерлер көкжөтелдің өте қауіпті инфекция екенін айтады. Оның өлім-жітімі өте жоғары: 10 науқастың төртеуі қайтыс болуы мүмкін.

А.Есмағамбетованың айтуынша, қазір елімізде ай сайын көкжөтелді жұқтырудың 350-ден 400-ге дейін жағдайы тіркеледі.

Науқастардың шамамен 90 пайызы вакцинацияланбаған. Денсаулық сақтау министрлігі иммундаудан бас тартпауға шақырады. Бас санитарлық дәрігер көкжөтелге қарсы франциялық вакцина өзінің тиімділігін дәлелдегенін айтты.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу