KZ
Өскемен
-11°
плотный туман жел 1 м/с, С
498.55 524.28 4.75

Қазақстандағы "ең бай зейнеткер" қанша алады?

Фото: abctv.kz

25.06.2024, 10:11 95 Анель Слямғазықызы

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) 1 маусымдағы жағдай бойынша, қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары туралы ақпарат берді. Сондай-ақ, қор ай сайынғы төлемнің ең жоғары сомасын жариялады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
 
Қор мәліметінше, 1 маусымдағы жағдай бойынша салымшылардың (алушылардың) жеке және шартты шоттарында 19,2 триллион теңге жиналып, 5 айда 1,4 триллион теңгеге (немесе 7,7 пайызға) ұлғайған. Зейнетақы жинақтарының жылдық өсімі 3,4 триллион теңгеден асады.

Зейнеткерлік жасқа толуына байланысты БЖЗҚ-дан төленетін орташа айлық төлем 33 921 теңге, ал ең жоғары айлық 945 752 теңге.

Айта кетейік, БЖЗҚ мамырда Қазақстандағы ең жоғары зейнетақының мөлшерін жариялаған болатын. Ол кезде де дәл осындай сома болған – 945 752 теңге.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу