KZ
Өскемен
-4°
ясно жел 1 м/с, В
479.23 534.96 5.16

Шығыс Қазақстанда өрт қаупі сақталады

Фото: depositphotos.com

25.06.2024, 10:32 84 Айжанат Бақытқызы

Өңірде ауа райы құрғақ және ыстық болуына байланысты төтенше өрт қаупі сақталуда, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

ШҚО ТЖД ақпараты бойынша, бүгінгі күні облыста 6 орман өрті тіркелді, оның аумағы 0,3 гектар.

12 дала өрті тіркелді, өрт аумағы 39,4 гектарды құрады.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің аумақтық бөлімшелері полиция қызметкерлерімен және жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлерімен бірлесіп профилактикалық рейдтер жүргізуде.

Өрттің алдын алу мақсатында орманшылар, ТЖД қызметкерлері, полиция, жергілікті атқарушы билік өкілдерінен тұратын 50 мобильді топ жұмыс істейді.

Уақытылы жүргізілген алдын алу шараларының арқасында мобильді топтар өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған 31 тәртіп бұзушыны анықтады.

Қазір Алтай, Марқакөл, Катонқарағай, Үлкен-Нарын аудандарында 2-дәрежелі өрт қаупі бар. 3-дәрежелі өрт қаупі – Өскемен, Риддер, Күршім және Самар ауданында.

Облыс аумағында ШҚО әкімінің «Өрт қаупі жоғары кезеңде Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік орман қоры аумағында жеке тұлғалардың болуына тыйым салу туралы» қаулысы бар.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды:

  • арнайы өрт режимі кезінде орманда болуды шектеңіз;
  • ашық отпен абай болыңыз;
  • от жағуға болмайды;
  • шөпті өртеуге жол бермеңіз.
 «Өрт анықталған жағдайда, дереу 101 және 112 телефондарына хабарласыңыз»,- деп хабарлайды ведомство.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив