KZ
Өскемен
-21°
небольшая облачность жел 2 м/с, ОБ
522.42 543.89 5.28

Халықтың жан басына шаққандағы табысы төмендеді

Фото: egemen.kz

23.06.2023, 15:36 492

Биылғы І тоқсанда Қазақстан халқының жан басына шаққандағы номиналды табысы 10,7% өскен. Бірақ жылдық мәндегі инфляция мен азық-түлік бағасының, қызметтер ақысының артуына байланысты табыстың өсімін қымбатшылық еселеп жұтып жатыр. Соның салдарынан халықтың шынайы табысы былтырғы І тоқсанмен салыстырғанда 5,2% төмендеп кеткен.

Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігінің 2023 жылдың І тоқсанындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысында айтылған, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

  "Алдын ала бағалау бойынша, 2023 жылғы қаңтар-мамырда жалпы ішкі өнімнің өсуі 2022 жылғы қаңтар-мамырға қарағанда 4,5% болды. Тауарлар өндірісі – 3,6%, көрсетілетін қызметтер өндірісі 4,9% өсті. 2023 жылғы мамырда жылдық мәндегі инфляция 15,9%-ға жетті. Азық-түлік тауарларының бағасы – 16,5%, азық-түлік емес тауарлардың бағасы 17,2%, ақылы көрсетілетін қызметтердің бағасы 13,5% артты. Халықтың жан басына шаққандағы ақшалай кірістері 2023 жылғы сәуірде 167 мың теңге болып, номиналды мәнде – 10,7% өссе, нақты мәнде 5,2% төмендеді", - деп жазылған мәліметте.

Сәйкесінше, орташа айлық жалақы 2023 жылғы сәуірде 347,6 мың теңге болып, 2022 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда номиналды мәнде 15,2% артып, нақты мәнде 1,4% төмендеген. Ал жұмыссыздық деңгейі 2023 жылғы I тоқсанда 4,8% болып отыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу