KZ
Өскемен
-12°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Жедел жәрдем бригадасына дәрі-дәрмек рецептісін жазып беруге рұқсат етуі мүмкін

26.06.2019, 12:05 133

Депутат Жанат Омарбекова Денсаулық министрлігіне дәрі-дәрмек рецептісіне қатысты ұсыныс жасады. Ол жедел жәрдем бригадаларына рецепт жазып беруге рұқсат етуді сұрап отыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл жерде науқастар емханаға шұғыл көмек сұрап келгенде және жедел жәрдем шақыртқанда дәрі-дәрмек рецептісін жазып беруге рұқсат ету керек екені айтылып отыр. Мұндай шара дәрігердің қабылдауын күтіп, кезекте тұрмауға мүмкіндік береді.

Естеріңізге сала кетсек, еліміздегі 7792 дәрілік препараттардың 6033-і, яғни 87%-ы қатаң рецепт бойынша ғана сатылатын болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу