ТЖМ штаты тағы артады
Фото: egemen.kz
2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Төтенше жағдайлар министрлігінің штат саны 121 бірлікке ұлғайтылады.
Бұл туралы Мәжіліс депутаттарының сауалына Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың жауабында айтылған, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
– «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Үкіметтің 2023 жылғы 13 ақпандағы №122 қаулысымен ТЖМ лимиті 1 613 бірлікке ұлғайтылды. Сондай-ақ осы жылы Үкімет ТЖМ штат санын 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап тағы 121 бірлікке ұлғайтуды жоспарлап отыр. Бір мезгілде 2025-2026 жылдарға қосымша штат санын бөлу, оның ішінде жаңадан жұмыс істеп тұрған өрт сөндіру деполарының саны аз өрт сөндіру бөлімдерін нығайту, шұғыл медициналық көмек бригадаларын, селден қорғау топтарын, профессор-оқытушылар құрамын, сонымен қатар өнеркәсіптік қауіпсіздік және мемлекеттік өрт бақылау инспекторларын күшейту туралы мәселе пысықталатын болады, - деді Үкімет басшысы жауабында.