KZ
Өскемен
-3°
пасмурно жел 3 м/с, Ю
491.71 529.97 5.05

Қоғамдық тамақтану орындарына қатысты шағымдар артып келеді

Фото: egemen.kz

28.09.2023, 15:21 273

Елімізде тұтынушылардың шағымы жыл сайын 30 пайызға артып келеді.

Бұл туралы Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің отырысында Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Балықбаев айтты, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

– Жыл сайын тұтынушылар өтініштерінің саны 30 пайызға артып келеді. Егер 2020 жылы уәкілетті органға 21 мың өтініш түссе, 2022 жылы тұтынушылардың шағымдарының саны 30 мыңға дейін ұлғайды. Өзге мемлекеттік органдарда келіп түскен шағымдардың артуы 2021 жылды 2022 жылмен салыстырғанда 11 пайызды құрады. Осыған ұқсас жағдай тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктеріне шағымдардың түсуімен байқалады.
Бұл экономиканың жекелеген салаларында тұтынушы құқығын қорғау саласындағы жүйелі проблемаларды көрсетеді, – деді ол «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заң жобасының және оған ілеспе заң жобасының таныстырылымы барысында.

Халықтан түсетін шағымның дені келесі салаларға қатысты:

бөлшек сауда – 48 пайыз;

тұрмыстық қызметтер – 19 пайыз;

электронды сауда – 9 пайыз.

Шағымдар саны артып келе жатқан салалар:

- қоғамдық тамақтандыру объектілерінде қызмет көрсетуде – 2,8 есе;

- көлік және байланыс қызметтерінде – 2,5 есе;

- медицина қызметінде – 2 есе.

Алайда, вице-министрдің айтуынша, бұл фактілер тұтынушылар құқығын қорғау саласындағы істердің нақты жай-күйін көрсетпейді. Себебі кейбір тұтынушылар бұзылған құқықтарды қорғау үшін мемлекеттік органдар мен тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктеріне жүгінбейді.

– Оны тәуелсіз әлеуметтік зерттеудің нәтижелері дәлелдейді. Ол бойынша азаматтардың медицина, интернет-провайдерлер, қоғамдық көлік қызметтеріне наразылығы көп. Осыған байланысты, азаматтардың келіп түскен өтініштерін талдау мен мониторинг нәтижелерін, тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың қоғамдық институттарының пікірлері мен ұсыныстарын және әлеуметтік зерттеу көрсеткіштерін назарға ала отырып, министрлік ең алдымен жосықсыз бизнеспен жұмыс істеудің алдын алуға бағытталған заң жобаларын әзірледі, – деді Қайрат Балықбаев.
 


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив