Пәтер қымбаттай түсті
Фото: smi24.kz
Елімізде бір жылда пәтерді қайта сату бағасы 1,9 пайызға, жаңа тұрғын үйлерді сату 5 пайызға артты. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады.
Ал абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі былтырғымен салыстырғанда 26,8 пайызға өскен.
"Өңірлер арасында жаңа тұрғын үй нарығында жылдық баға Павлодарда 18,1 пайызға, Ақтауда 18 пайызға, Семейде 16 пайызға өсті. Қолданыстағы пәтерлер нарығында баға өсімі бойынша Семей (29,9 пайызға), Ақтөбе (22,4 пайызға), Қызылорда (19 пайызға) және Қостанай (18,8 пайызға) көш бастап тұр. Ал тұрғын үйді жалға беру нарығында баға Көкшетауда (45,5 пайызға), Петропавлда (41,5 пайызға), Ақтауда (41,1 пайызға) және Алматыда (38,8 пайызға) айтарлықтай өскен", – делінген хабарламада.