KZ
Өскемен
+13°
ясно жел 2 м/с, СШ
479.05 534.57 5.17

Ақылы жолдың ақысын төлемеген жүргізушілерге қанша айыппұл салынады

3.12.2023, 11:00 218 Назерке Каримова
Ақылы жолда жүру ақысын төлемегені үшін бір аптадан кейін айыппұл салынады.
Көлік министрлігі ақылы автожолда төлем жасамағандарға қанша айыппұл салынатынын мәлімдеді. Министрліктің автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті ақылы жол учаскесімен жүру ақысын күнтізбелік 7 күн ішінде төлеу қажет екенін еске салды.
Әйтпесе 8-ші күні "Әкімшілік құқықбұзушылық туралы" Кодекстің 628-бабына сәйкес жол ақысын төлемеген жағдайда әкімшілік айыппұл есептеледі.
"Жеке тұлғалар үшін айыппұл мөлшері – 5 АЕК (2023 жылы 17 250 теңге), ал заңды тұлғалар үшін – 10 АЕК (34 500 теңге) құрайды. Әкімшілік жауапкершіліктің алдын алу үшін автокөлік иелері мен жүргізушілер ақылы автомобиль жолымен жүру ақысын уақтылы төлеуі қажет", - делінген хабарламада.
Ведомство ақпаратынша, төлем жасаудың 20-дан астам әдісі қарастырылған. Атап айтқанда, QAJ mobile мобильді қосымшасы, Kaspi.kz, Kiwi-әмиян, Forte Bank арқылы және тағы басқа.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив