Жоғары білім қолжетімді болмақ
Фото: kapital.kz
ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек саланың жылдық жұмысын қорытындылады.
Оның айтуынша, еліміздегі жоғары білімнің қолжетімділігі арта түспек, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Министрдің мәліметінше, алдағы жұмыс жоспарын жүйелейтін 7 жылдық тұжырымдамада жатақхана мен материалдық-техникалық базаны нығайту шаралары, интернацияландыру бағыты да қамтылған. Шәкіртақымен бірге оқытушылар мен ғалымдардың жалақысын өсіру жоспарланып отыр.
Тапшы мамандықтарға мемлекеттік тапсырыспен грант саны артады, әлеуметтік осал топтан шыққан түлектер мен ата-анасынан айырылған жеткіншектерге арнайы квоталар бөлінуде. Ал ақылы бөлімде оқитындар үшін жеңілдетілген несиелер мен "Келешек" жинақтаушы жүйесі іске қосылады.