Қазақстанда «Әншуақ» музыкалық фестивалі өтеді
Фото: turanews.kz
Елімізде тұңғыш рет Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Әншуақ» балалар әндерінің фестивалі өтеді.
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ақпараты бойынша, фестиваль аясында 1 ақпаннан бастап еліміздің түкпір-түкпірінде балалар әндерінің челленджі басталады. Оған 6 жастан 18 жасқа дейінгі әрбір өнерпаз қатыса алады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Ол үшін TikTok әлеуметтік желісінде #ӘНШУАҚ хэштегімен балалар әнінің жанды орындауындағы бейнені орналастыру қажет.
Ұйымдастырушылар 1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні қорытынды шығарады.
Министрліктің баспасөз қызметі ең танымал әндердің орындаушылары республикалық гала-концертке билеттер алатынын, онда барлық қатысушылар дипломдармен, бағалы сыйлықтармен марапатталып, «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығына жолдама алатындығын айтты.
Фестиваль туралы толық ақпарат ziyatker.org сайтында орналастырылған.
Айжанат Бақытқызы