KZ
Өскемен
+4°
туман жел 1 м/с, С
503.15 543.3 5.93

ШҚО спортын дамыту жолдары мен жаңа мүмкіндіктер: мемлекеттік аудиттің қорытындылары

28.03.2025, 16:30 220 Гульжан Мусина

2025 жылдың 28 наурызында өткен ревизиялық комиссия отырысында ММ «Шығыс Қазақстан облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасына» жүргізілген мемлекеттік аудиттің нәтижелері қарастырылды. Аудит 11 нысанды және спортты дамыту мен жоғары дәрежелі спортшыларды даярлауға бағытталған 18,7 млрд теңгеден астам қаражатты қамтыды.

Өңірдің басты мақсаты – халықаралық ареналарда жоғары нәтижелерге қол жеткізу. 2021-2024 жылдар аралығында Олимпиада ойындарында ШҚО спортшылары жүлдеге ілікпегенімен, басқа халықаралық және республикалық жарыстарда өңір намысын абыроймен қорғап, бірнеше рет жүлделі орындарға ие болды.

Аудит нәтижесінде бірқатар мәселелер анықталды. Жалпы алғанда, 3,15 млрд теңгенің (16,8%) қаржылық бұзушылықтары тіркелді. Ең бастысы – бюджеттік қаржының тиімді жұмсалуын қамтамасыз ету, қаржылық жоспарлауды жетілдіру және тәртіпті күшейту қажеттілігі. Бұған қоса, ресурстарды ұтымды пайдалану жолдары қарастырылып, бұл болашақта өңір спортын дамытуға тың серпін бермек.

Сонымен қатар, қызметкерлерге төленетін қаржының ашықтығын қамтамасыз ету, шарттық міндеттемелерді оңтайландыру және бухгалтерлік есепті жүйелендіру мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді. Бұл шаралар алдағы уақытта осындай жағдайлардың алдын алуға және басқарманың беделін арттыруға септігін тигізбек.

Анықталған кемшіліктерді жою мақсатында қаржы жоспарлауын жетілдіруге және бюджет қаражатын тиімді пайдалануға бағытталған нақты ұсыныстар әзірленді. Нәтижесінде, спорт саласын басқару сапасы артып, спортшыларды даярлау деңгейі жақсарады. Бұл өз кезегінде, өңір спортшыларына жаңа белестерді бағындыруға мүмкіндік бермек.

Мемлекеттік аудит мәселелерді анықтаумен ғана шектелмейді, сонымен қатар жаңа тиімді әдістерді енгізуге жол ашады. Осылайша, Шығыс Қазақстан облысында спорт саласын дамытуға тың серпін беріліп, өңірдің Қазақстан мен әлемдік спорт аренасындағы беделі арта түседі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу