ШҚО Полиция департаменті “Кибертрон” оқыту семинарын өткізді (видео)
ІТ саласының өрісі кеңейіп, қызмет көрсету салаларынан, білім мен ғылым, қаржы саласына дейін жұмысты жеңілдетсе, көлеңкелі жағы қоғамға үлкен кесел тигізіп келеді. Әрненің ағы мен қарасы болғандай, ІТ саласының қараңғы тұсы да – киберқылмыс.
Бүгін С.Аманжолов атындағы ШҚУ-да осы тақырып студенттер алдында көтерілді. Интернетпен тонның ішкі бауындай жақындасқан жастарға киберқауіпсіздіктің мәнісін түсіндірудің маңызы жоғары.
Өзектілігі жағынан Полиция департаментінің бастамасы уақытылы және маңызды. Университет басшылығы тек жастарды емес, көзге түспес алаяқтардың арбауына жиі ілінетін қарттарды да ұмытпаған.
Оқу курсы жастар үшін мамыр айына дейін жалғасып, жазғы кезеңде егде жастағы азаматтарды үйрету курстары басталады.
Айдос Мырзахметов
Фото: Жібек Нұрахмет
Видео: Евгений Щетников