KZ
Өскемен
+7°
небольшая облачность жел 3 м/с, ОШ
504.44 545.65 5.95

Өскеменде 1500 жаңа мектеп орны ашылады

Өскемен қаласы әкімдігі

28.03.2025, 13:00 167 Төлеуғазы Жансая

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі барлық балаға қолжетімді және сапалы білім беру жағдайларын жасаудың маңыздылығын бірнеше рет атап өткен болатын. Білім беру саласындағы реформалар шеңберінде Өскемен қаласында жаңа оқу орындарының құрылысы жүргізілуде. Бұл қолданыстағы мектептердің жүктемесін айтарлықтай төмендетуге және балаларды сапалы біліммен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Соңғы үш жылда 11 балабақшада мемлекеттік тілде білім беретін 15 жаңа топ ашылып, 377 орын қосылды. 2024 жылы жекеменшік балабақшаларда тағы 607 орын құрылды, оның 460-ы – қазақ тілінде оқытуға арналған. 2025-2026 оқу жылында мемлекеттік балабақшаларда жаңа топтарды жинақтау барысында мемлекеттік тілде білім беретін 18 топ ашу жоспарлануда. 2025 жылға арналған кезең-кезеңімен даму жоспарына сәйкес, мектепке дейінгі ұйымдарда 556 жаңа орын құрылатын болады,- делінген Өскемен қаласы әкімдігінің ресми хабарламасында.

Өскемен қаласында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 2024 жылы қалада 600 орындық екі жаңа мектептің құрылысы басталды. Олар Увалиев көшесінде және Есенберлин даңғылында бой көтеруде.

Сонымен қатар, Тимофеев көшесінде орналасқан №31 жалпы білім беретін жаңа мектептің 300 орынға ашылуы жоспарланған. Жоба 2025-2026 оқу жылында іске асырылады.

Жалпы алғанда, жаңадан ашылатын орындар саны 1500-ге жетеді. Бұл мектептердегі орын тапшылығын айтарлықтай азайтып, өскелең ұрпаққа қолайлы оқу жағдайларын жасауға мүмкіндік береді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу