KZ
Өскемен
+9°
пасмурно жел 1 м/с, С
480.55 533.75 5.36

Димаштың костюмі аукционда сатылды: қаржы тасқыннан зардап шеккендерге жұмсалады

Фото: proza.ru

8.04.2024, 15:59 115 Ержан Әбіш

Алматы қаласында Dauletten қоры ұйымдастырған қайырымдылық кешінде Димаш Құдайбергеннің костюмі аукционда 2 миллион теңгеге сатылды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі аталмыш қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталмыш костюмді Димаш Алла Пугачеваның Мәскеуде өткен мерейтойына орай ұйымдастырылған «Подарок для Анны» атты шығармашылық кешінде киген. Онда Димаш Игорь Крутойдың «Любовь, похожая на сон» әнін орындады. Костюм дизайнері – Atelier Leka.

Аукционда алғашқы лоттың бағасы 500 000 теңгеден басталды. Соңында костюм 2 000 000 теңгеге сатылды. Бұл лотты қазақстандық кәсіпкер, қаржылық сауаттылық бойынша ментор Еркебұлан Әріпбай сатып алды.

– Мен бұл костюмді ініме сыйлаймын. Ол 11-сыныпты аяқтайын деп жатыр. Өзі де Димаш Құдайбергенге ұқсайды. Туыстарымыздың бәрі оны Димашқа ұқсатады, – деді ол.

Бұл аталмыш кеште 2 000 000 теңгеге бағаланған ең үлкен лот болды. Сондай-ақ кеште «GGG футболка» 1 000 000 теңгеге, мини-футболист, «Қайрат» клубының және ел құрамасының шабуылшысы Серік Жаманқұлов киген футболка 300 000 теңгеге, «Ордабасы» футбол клубының, ұлттық құраманың капитаны Асхат Тағыбергеннің футболкасы 300 000 теңгеге сатылды. Аукционда Мұстафа Өзтүріктің қолы қойылған кітап та болды.

Кеште жиыны 7 000 000 теңге жиналды. Қаражат қайырымдылыққа жұмсалмақ. Тасқыннан зардап шеккен өңірлерге гуманитарлық көмек көрсетіледі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив