KZ
Өскемен
-10°
пасмурно жел 3 м/с, ОШ
525.11 546.74 4.88

Астаналық оқушы қыздың ауыз қуысына шаш өскен

Фото: rtek24.ru
Фото: rtek24.ru
9.04.2024, 19:53 205 Ержан Әбіш

Астанада 11 жасар оқушының ауыз қуысында түк өсе бастады. Анасы Ақмарал Шалабаева дереу дәрігерлерге жүгінген, алайда мамандардың өзі ерекше ауруға аң-таң болып отыр, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

Ақмаралдың айтуынша, бұрын қызды еш ауру мазаламаған. Тіпті наурыздың басында қыз тіс дәрігеріне барған, емдеу кезінде ешқандай ауытқу болмаған.

– 15 наурызда қызым тамағының ауырғанын айтты. Мен ЖРВИ немесе ангина шығар деп ойладым. Тамағын тексергенде қатты таң қалдым. Бадамша бездерінде екі жағынан және тістерінің арасынан шаш өсіп тұр, – деді А. Шалабаева.

Олар дереу жедел жәрдем шақырып, №2 қалалық ауруханаға барған.

– Дәрігерлер де бұл құбылысқа таң қалды, дегенмен барлық түкті пинцетпен алып тастады. Кейін біз көптеген мемлекеттік және жеке клиникалардың дәрігерлеріне бардық, онда бізге сынамалар мен тексерулердің үлкен тізімін берді, – дейді Ақмарал.

Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасы пациентті оториноларинголог, эндокринолог, басқа да бейінді мамандар тексергенін атап өтті.

Елордалық дәрігерлер мұндай құбылыстың себептерін түсіндіре алмай отыр. Дегенмен анасы мұны баланың жеке ерекшеліктерімен байланыстыруда.

– Қазір емдеудің нақты стратегиясы жоқ, өйткені диагноз жоқ, оны анықтағаннан кейін білікті мамандардың көмегімен шешім қабылдаймыз. Біз барлық кәсіби көмекке дайынбыз, – дейді А. Шалабаева.

Алдағы уақытта қызға компьютерлік және магнитті-резонанстық томография жасалады, содан кейін дәрігерлер келесі емдеу жолын бекітеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу