KZ
Өскемен
туман жел 3 м/с, ОБ
495.2 522.34 4.94

Әлеуметтік осал санаттарға арналған жедел желі іске қосылды

Фото: sosnovosti.ru

15.04.2024, 15:30 585 Ержан Әбіш

Мәжіліс депутаты, Президент жанындағы халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкіл Кенжеғұл Сейтжан су тасқынынан зардап шеккендерге қолдау жасаудың жедел желісі туралы түсіндірді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

– Су тасқыны, басқа да төтенше жағдайлар кезінде халықтың әсіресе әлеуметтік осал топтары қиындықтарға тап болуы мүмкін. Бұл тұрғыда осы топтардың тиісті органдар мен құрылымдардан ақпарат алуын, көмек пен қолдауға жедел қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін жедел желі қажет. Осыған байланысты Омбудсменнің жедел желісінің байланыс деректерін ұсынамын. Атап айтқанда, +7-702-282-61-83 нөмірі және upolnomochennyysusn.2024@gmail.com электронды поштасы арқылы ақпарат алуға болады, – деді К. Сейтжан Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Айта кетейік, бүгінге дейін еліміз бойынша су тасқынынан зардап шеккен 2300 отбасына 555 млн теңгеден астам сомаға әлеуметтік көмек жасалғаны мәлім болды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу