Баланы жазғы лагерьге қалай тегін жіберуге болады?
Фото: edunews.kz
Биыл жазғы демалыста 2,9 млн оқушы демалыс және сауықтырумен қамтылмақ. Кейбір оқушылар жазғы лагерьге мемлекет есебінен тегін бара алады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Informburo.kz порталына сілтеме жасап.
Кімдер лагерьге тегін жолдама ала алады?
атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардың балалары;
жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен АӘК алмайтын отбасы балалары;
жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
төтенше жағдайлар салдарынан жедел көмек қажет ететін отбасы балалары;
өзге де санаттағы мемлекеттік білім беру мекемелерінің білім алушылары мен тәрбиеленушілері ала алады.
Тегін жолдама алу үшін қайда жүгіну қажет?
Ата-ана не қамқоршылар баласының қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуға жолдама алуы үшін құжаттарды тапсыра алады.
Офлайн: облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қаласының білім басқармаларына, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың білім бөлімдеріне, білім беру ұйымдарына;
ХҚКО-ға.
Онлайн: eGov порталы арқылы, ЭЦҚ болуы қажет.
Қандай құжаттар қажет?
өтініш;
жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат;
электронды нысандағы баланың туу туралы куәлігі немесе оның қағаз тасығыштағы көшірмесі;
неке қию немесе бұзу туралы куәліктің көшірмесі;
№ 071/у нысанына сәйкес медициналық анықтама;
мәртебесін растайтын құжаттың көшірмесі.
Балалар қанша жастан бастап лагерьге жіберіледі?
Бірінші сыныптан 10-сыныпқа дейінгі балалар жіберіледі. Мектеп бітіруші 11-сыныпқа көшкен оқушылар ҰБТ-ға дайындалатындықтан жазғы демалысқа жіберілмейді.