KZ
Өскемен
-10°
переменная облачность жел 3 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Өскеменнің бюджетінде балалардың тегін демалысына қаражат қарастырылмаған

24.05.2019, 10:47 261

Қалалық әкімдікте өткен жиналыста аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан балалардың жазғы демалысын тегін өткізу мәселесі қаралды. Жиналыс барысында лагерьге тегін жолдама беру үшін бюджетте қаражаттың жоқтығы анықталды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Облыстағы лагерьлердің бірқатары мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылады. Осы лагерьлер аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың балаларына тегін демалыс ұйымдастыратын база ретінде қаралған екен. Алайда бұл санаттағы балалар үшін бюджетте тегін жолдамалар қарастырылмапты.

-2019 жылы қалалық бюджеттен 434 жетім баланың жазғы демалысына қаражат бөлінді, - деді қаржы бөлімінің басшысы.

Қалалық теңгерімде екі балалар лагері бар -  «Жігер» және Аюдадағы «Алые паруса». Бұл екеуі де «Жігер» балалар-жасөспірімдер клубтарының бірлестігінің бастамасымен жұмыс істейді.

-Жыл сайын бізде шамамен 1800 бала демалады, - деді ұйымның басшысы Елена Деш. – Жолдаманың бағасына бес реттік тамақтану, қызмет көрсету, күзет, балаларды жеткізу және педагогикалық сүйемелдеу кіреді. Аз қамтылған отбасылар мен көп балалы отбасылардан шыққан жасөспірімдерді де тегін жолдамамен қамтамасыз етуге болар еді, алайда биыл бізге ақша бөлінбеді.

Қала әкімі Жақсылық Омар аталған отбасылардағы жасөспірімдердің санын нақтылауды тапсырды.

-Сіздер шағым айтқанша, қажетті қаражатты сұрау керексіздер. Қаражат іздеңіздер, білім бөлімінде үнем бар. Тым болмаса, осы балалар үшін жеңілдік жасаңыздар, жолдаманың бағасы 10-15 мың болсын, - деді шаһар басшысы.

Айта кетсек, биыл облыс орталығының өзінен аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан 5,5 мың бала қала сыртындағы лагерьлерде тегін демалуға тиіс болатын. ШҚО әкімі Даниал Ахметов аталған санаттағы азаматтарды қолдау шаралары аясында осындай тапсырма берген болатын.

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу