KZ
Өскемен
+1°
небольшой снег жел 3 м/с, В
511.22 540.05 4.73

Мектеп кітапханалары бірыңғай автоматтандырылған жүйеге көшеді

Фото: longisland.com

30.04.2024, 10:11 110 Ержан Әбіш

«Цифрлық кітапхана» жаңа оқу жылында қолжетімді болады. Бұл туралы оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың Алматы қаласындағы мектеп кітапханашыларымен кездесуінде белгілі болды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі министрліктің Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Өткен жылдан бері Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «Балалар кітапханасы» жобасы іске асуда. Мектеп кітапханаларының қоры 4,8 млн дана кітапқа толығып, жыл соңында жалпы қор көлемі 137 млн-нан асты. Кітап оқитын оқушылар саны 200 мыңға артты.

– Мектеп кітапханалары барлық білім беру бағыттарының тартылыс орнына айналуы керек. Қазір кітап оқуға деген қызығушылықты ояту мақсатында оқу залдары жаңғыртылуда. Коворкинг-орталықтар ашылып, шығармашылық кештер өткізілуде. Жыл басында біз қазақ әдебиетін ілгерілету жобасын іске қостық. Енді отандық туындылар мектеп сайттарында қолжетімді, онда біздің жас авторлар өздерінің көркем және ғылыми еңбектерін жариялай алады, – деді Ғани Бейсембаев.

Кездесуде мектеп кітапханашыларына мәртебе беру, біліктілікті арттыру курстарынан өткізу және тағы басқа мәселелер талқыланды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу