Мектеп кітапханасы оқушылардың шығармашылық әлеуетін іске асыратын, демалып, жүздесетін орынға айналды – Өскемен
Өскемен қаласындағы Ахмер орта мектебі кітапханалардың модернизациялау бағдарламасына еніп отыр.
Модернизациядан кейін Ахмер торта мектепбіндегі кітапхана тек кітап оқитын орын ғана емес, сонымен қатар өздерінің шығармашылық әлеуетін іске асыратын, демалып, жүздесетін орынға айналған.
- Тәуелсіздіктің 30 жылдыңына орай Nur Otan партиясының бастауыш ұйымының бізге алға қойған бағдарламасын басшылыққа ала отырып, кітапханаға модернизациялау жүйесін жүргіздік. Бұл жүйе балалардың білімге деген құштарлықтарын ашу, тіл байлықтарын дамыту мақсатында жасалып жатыр. Осы мақсатта бюджеттен 4 млн 800 мың теңге қаражат бөлінді. Жаңа әдеби және электронды оқулықтар алынып, балалардың білім көкжиегін арттыруда, - дейді Ахмер орта мектебінің директоры Асқар Қапжаппаров.
Сонымен бірге, қолға алынған жұмыстар кітапхана ісін жаңғыртуға, жаңалықтарды игеруге, кітапханашылардың біліктілігін арттыруға бағытталған.
- Кітапханамыз толықтай жаңартылды. Жаңа жиһаздар алынып, дизайн өзгерді. Сонымен қатар кітап қоры тағы 200-дей жаңа кітапқа толықтырылды.
Айта кетейік, мектеп кітапханаларын модернизациялаудың басты міндеті - қызметтердің сапалы жаңа жүйесін құру, кітапханаларды білім алу, коммуникация және бос уақытты өткізу үшін көпфункционалды орталықтарға айналдыру.