KZ
Өскемен
+1°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
502.57 591.68 6.42

Әуежайларда қауіпсіздік шаралары күшейтілді

Фото: cloudinary.com

2.05.2024, 16:34 224 Ержан Әбіш

Ел әуежайларында авиациялық қауіпсіздік шаралары күшейтілді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Baq.kz порталына сілтеме жасап.

1 мамырдан бастап елдегі барлық әуежайларда авиациялық қауіпсіздік күшейтілді. Вокзал маңындағы алаңдарда, паркингтерде және жолаушылар терминалдарында қосымша шаралар енгізіліп жатыр.

– Авиациялық қауіпсіздік шараларын күшейту мақсатында Алматы халықаралық әуежайында бірінші тексеру желісі орнатылды. Осыған орай, әуежайға келу уақытыңызды алдын ала жоспарлауыңызды сұраймыз, – деп жазды азаматтық авиация комитеті.

Жолаушылар терминалдарына кіре берістегі бірінші тексеру желісі тыйым салынған заттардың тасымалдануына жол бермеу үшін енгізіледі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу