Бүгіннен бастап вейпке тыйым салынды
Фото: sport24.ru
Бүгіннен бастап Қазақстанда вейп, оған арналған хошиістен діргіштер мен сұйықтық әкелуге, сатуға және таратуға тыйым салынды. Айта кету керек, бұлшектеу хиттер немесе темекі қызды ружүйесіне (IQOS, GLO, PLOOM, iFuse) қатысты емес.
Тыйымның негізгі себебі — өскелең ұрпақтың денсаулығын сақтау, деп хабарлайды Altainews.kz сайты Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 11 мен 15 жас аралығындағы жасөспірімдердің шамамен 10% тұрақты түрде вейп тартады.
Қазақстан балалар қоры жүргізген зерттеу көрсеткендей, алматылық 21 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен жастардың 80,5 пайызы, астаналық осындай жасөспірімдердің 83,3 пайызы апта сайын вейп сатып алады. Бұл аталған жаман әдеттің жастар арасында өте танымал екенін көрсетеді.
Қоғамдық саясат институтының әлеуметтік зерттеуіне сенсек, әрбір төртінші қазақстандық электронды темекі, вейп пен синтетикалық есірткі қолданудың артқанына алаңдайды. Талдау бұл мәселеге қатысты алаңдаушылықтың артқанын көрсетті: 2023 жылы қарашада 15,6%-дан 2024 жылғы мамырда 23,7%-ға дейін өскен.
Жасөспірімдер арасында электронды темекі қолданудың өсуі жаһандық проблема болып отыр.
Жасөспірімдерарасындавейпқолданудыңтанымалдығыныңартуынабайланыстыкөптегенелдерэлектрондытемекігетыйымсалды:
- Таяу Шығыс (Бахрейн, Ирак, Иран, Иордания, Катар, Ливан, Оман, Сирия, Түркия) — электронды темекінің кез келген түрін әкелуге және сатуға тыйым салған.
- Еуропа— қыздырылған темекі өнімдерінде хош иістендіргіш пайдалануға тыйым салды.
- Аустралия— құрамында никотин бар электронды темекіні заңды түрде қолдану үшін дәрігердің рецепті қажет.
- Бразилия— электронды темекі шегу құралдарын өндіруге, импорттауға, өткізуге, таратуға, сақтауға, тасымалдауға және жарнамалауға тыйым салынған.
- Үндістан— электронды темекі өндіруге, импорттауға, тасымалдауға, сатуға және таратуға тыйым салынды.
- Қырғызстан— шегілмейтін темекі және құрамында никотин бар шегілмейтін темекі өнімдерді өндіруге, әкелуге, айналымына тыйым салынған.
- Сингапур— темекі шегуді имитациялайтын кез келген құрылғыны әкелуге, сатуға, таратуға, сатып алуға, сақтауға және пайдалануға тыйым салынған.
- Түркіменстан — электронды темекі сатуға тыйым бар.
- Украина — темекі және электронды сұйықтықты сатуға, өндіруге және импорттауға тыйым салынған.
Осылайша Қазақстандағы тыйым халықтың денсаулығы мен әсіресе жастарды қорғау мүддесі үшін электронды темекіні реттеудің жаһандық үрдісін көрсетеді.