KZ
Өскемен
-7°
облачно с прояснениями жел 7 м/с, ОШ
516.93 542.52 4.98

Елімізден металл сынықтарын теміржолмен әкетуге тыйым салынады

Фото: depositphotos.com

12.07.2024, 12:07 114 Ержан Әбіш

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі елімізден қара металл сынықтарын темір жол көлігімен әкетуге уақытша тыйым салмақ, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

Елімізде қара және түсті металл сынықтары мен қалдықтары – 11 отандық металлургиялық кәсіпорын үшін шикізаттың жалғыз және стратегиялық түрі.

Бұйрық жобасында ішкі нарықты қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан аумағынан қара металл сынықтарын көліктің теміржол түрімен әкетуге уақытша тыйым салу көзделеді.

Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы №180 «Елеулі маңызды тауарлардың тізбесін бекіту туралы» бұйрығымен ішкі нарықта дефициттің алдын алу үшін орталық мемлекеттік органдар маңызды азық-түлік немесе өзге де тауарларды елден шығаруға тыйым сала алады.

Отандық металлургия кәсіпорындарының қайталама шикізатпен толыққанды қамтамасыз етілуі ел ішінде сынық дайындау кәсіпорындары жинайтын сынықтардың бүкіл көлемін қайта өңдеуге мүмкіндік береді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу