Дәрілік заттарға баға белгілеу тетігі қайта қаралады
Фото: depositphotos.com
Денсаулық сақтау министрлігі пациенттердің, мемлекеттің және өндірушілердің мүдделерін ескере отырып, дәрілік заттарға баға белгілеу тетігін қайта қарайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.
Дәрілердің сапасын бағалау мен іріктеуде қауіпке бағдарланған тәсіл бойынша және фармацевтикалық өнімді әкелу тәртібінде өзгерістер енгізіліп жатыр. Мемлекеттік органдардың, «Атамекен» ҚР ҰКП, үкіметтік емес ұйымдар мен бизнес-қоғамдастықтың өкілдерін қамтитын фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіпті дамыту жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрылды. 2024 жылғы наурызда стратегиялық ұсыныстарды әзірлеуге жауапты бейінді департамент құрылды.
Сатып алу тиімділігін арттыру үшін Бірыңғай дистрибьютор жарамдылық мерзімдерін ескере отырып, тауарларды жоспарлау мен бөлуді автоматтандыратын ақпараттық жүйені енгізді. Бұл есептен шығарылған препараттардың санын азайтады. Бірыңғай дистрибьютордың қызметі өндірушілермен тікелей шарттар жасасуға бағытталатын болады, бұл делдалдарды алып тастаудың есебінен дәрі-дәрмек бағасын төмендетуге мүмкіндік береді.
Ішкі тергеу жүйелі кемшіліктер мен тиісті бақылаудың жоқтығын анықтады, нәтижесінде министрліктің жауапты бөлімшелері мен оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының негізгі басшылары қызметінен босатылды.
Қабылданып жатқан шаралар Қазақстан халқын қауіпсіз және сапалы дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етуге, сондай-ақ отандық өндірушілерді қолдауға бағытталған.