Алматыда Air Astana ұшағы әуежайда көлікпен соқтығысты
Фото: depositphotos.com
Air Astana ұшағы тағы да апатты жағдайға тап болды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Baq.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл туралы әуекомпанияның баспасөз қызметі мәлім етті. Ведомство атап өткендей, Алматы әуежайында лайнердің есігін тамақ таситын машина зақымдаған.
– Air Astana 13 тамызда КС267 Алматы – Бейжің рейсін дайындау кезінде әуе кемесінің есігі тамақ таситын машинадан зақымданғаны туралы хабарлайды. Бұл рейстің жолаушылары бүгінгі рейспен діттеген жеріне жеткізіледі. Әуекомпания рейстің кешіктірілгеніне өкініп, оған әуекомпания кінәлі емес екенін атап көрсетеді, – делінген хабарламада.
Оқи отырыңыз