KZ
Өскемен
+6°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, СБ
480.63 535.13 5.27

Зияткерлік меншік құқығын бұзғандарға жауапкершілік күшеймек

Фото: depositphotos.com

16.08.2024, 16:04 123 Ержан Әбіш

Мәжілістегі жұмыс тобы зияткерлік меншік құқығын бұзғандарға жауапкершілікті күшетуге бағытталған заң жобасын қарауды жалғастырады. Бұл туралы Орталық коммуникаицялар қызметіндегі брифингте Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова айтты.

­­– Парламент Мәжілісінің жұмыс тобы заң жобасын қарауға кірісті. 1 қыркүйектен бастап біз бұл жұмысты қайта қолға аламыз. Мазмұнына келер болсақ, авторлық құқықты қорғауға қатысты шағын новелла өте көп. Зағип жандардың құқығын қорғауға қатысты кейбір қосымша ерекшеліктерді қарастырып, жауапкершілікті арттырамыз, – деді Ботагөз Жақселекова БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Оның атап өтуінше, зияткерлік меншік құқығын тіркеу мерзімін қысқартуды көздейтін де новелла бар.

– Мәселен, бүгінде патенттерге, өнертабыстарға, тауар таңбаларына қатысты жекелеген салаларда тіркеу 7 ай немесе одан да көп уақытты алады. Енді біз мұны жеделдетілген тәртіппен жасау үшін заң жобасына енгізіп жатырмыз. Өйткені бизнес барынша қарқынды дамып келеді және бұл үдерісті созып жібермеу үшін осындай новеллалар көзделген, – деді вице-министр.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив