Жатақхана: Университеттерге жаңа талап қойылды
Фото: depositphotos.com
Бұл туралы Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Ақерке Абылайхан айтты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.
Жастарды жатақханамен қамтамасыз ету мәселесін шешу мақсатында кешенді жұмыстар жасалды.
Оның айтуынша, бірінші кезекте нормативтік-құқықтық құжаттарға өзгерістер енгізілді. Онда ЖОО-лар қабылдаған студенттерді міндетті түрде жатақханамен қамтамасыз етуі керек.
Оның сөзінше, қазіргі кезде жатақхана тапшылығы бойынша нақты сан белгісіз. Бұл көрсеткіш 25 тамызда ЖОО-ларға құжаттар қабылдау толық аяқталғаннан кейін белгілі болады.