KZ
Өскемен
+4°
туман Штиль
477.13 525.85 5.24

Өңірлерде көмірдің бағасы қанша?

Фото: depositphotos.com

22.08.2024, 17:16 125 Ержан Әбіш

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті төрағасының орынбасары Тұрар Жолмағамбетов көмірдің кеніштегі және сатылымдағы бағасын атады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Kazinform сайтына сілтеме жасап.

– Бүгін көмірдің кеніштегі бағасына тоқталғым келеді. Қазіргі уақытта негізгі жеткізушілердегі көмірдің бір тоннасы – 7,1 мың теңге мен 9 мың теңгенің аралығында. Айталық, бүгінде «Шұбаркөл көмірдің» 1 тоннасы кеніште 8 мың теңге тұрады. Өткен жылмен салыстырғанда 900 теңгеге қымбаттаған. Былтыр тоннасы 7 100 теңге болған еді. Шығыстағы «Қаражырада» былтыр тоннасы 8 500 теңге болса, биыл 200 теңгеге қымбаттап, 8 700 теңгеге жетті. Ал, осы маусымда «Майкөбен-Вест» көмірінің тоннасы 7 750 теңгеден басталады. Былтыр 7 100 теңге деңгейінде болды. Өсім – 650 теңге. «Шұбаркөл премиум» көмірінің тоннасы – 9 мың теңге, өзгеріс жоқ. Былтыр да осы бағада сатылған, – деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.

Осы орайда Тұрар Жолмағамбетов өңірлергі көмірдің 1 тоннасы 8 мың мен 26 мың теңге аралығында екенін айтады.

– Алшақтық тым жоғары. Кенішке тақау орналасқан елді мекендер сол жерден бірден барып, тоннасын 8 мың теңгеден алып кетеді. Бірақ, бізде көмір кенішінен тым алыста орналасқан шалғайдағы өңірлер бар. Мұның үстіне аталған өңірлерде темір жол тұйығы да болмауы мүмкін. Осыған байланысты елді мекенге дейін жеткізу жолы ұзақ болуы ықтиал. Сондықтан да бағасында үлкен айырмашылық бар, – деді комитет төрағасының орынбасары.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив