KZ
Өскемен
-11°
плотный туман жел 1 м/с, СШ
498.55 524.28 4.75

Көмірдің бағасы белгілі болды

18.09.2019, 21:27 214

Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Қайырбек Өскенбаев Қазақстандағы көмірдің белгіленген бағасын атады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

- Біз көмірдің бағасын бақылап отырмыз. Нұр-Сұлтанда Шұбаркөл көмірінің тоннасы 11 400 теңгеден сатылса, Екібастұз көмірі – 9500 теңгеден, Қаражыра – 11 000-13 200 теңге, Майқұбы – 12 200-12 500 теңгеден сатылады, - деді Қайырбек Өскенбаев баспасөз конференциясы барысында.

Оның айтуынша, дәл осы бағалар Қазақстанның барлық облыстарында белгіленген.

Егер сатып алынған көмір стандартқа сай емес немесе сапасы нашар болса, жергілікті әкімдікке, Өнеркәсіп комитеті немесе Техникалық реттеу комитетіне шағымдану қажет.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу