Тұмауға қарсы 2,3 млн доза вакцина сатып алынды
Фото: depositphotos.com
Қазақстанда тұмауға қарсы екпе 15 қыркүйекте басталады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Хабар24-ке сілтеме жасап.
Қазір ол үшін 2,3 млн доза вакцина сатып алынды. Ресейде өндірілген екпенің алғашқы партиясы елге жеткізілген. Вакциналау медициналық мекемелер жанындағы арнайы кабинеттерде және көшпелі бригадалар көмегімен жүргізіледі.
– Медицина, әлеуметтік мекеме қызметкерлері мен мүгедек жандар жоспарлы түрде егіледі. Сол секілді денсаулық жағдайы бойынша есепте тұрған және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар вакцинамен қамтылады, – делінген ақпаратта.
Қалған азаматтар екпені қалауы бойынша ақылы негізде алады.
Оқи отырыңыз