ШҚО-да тұмауға қарсы вакцинациялау 15 қыркүйекте басталады
Биыл тұмауға қарсы вакцинациялау 15 қыркүйектен басталады.
Дезинфекциялық режимді сақтау үшін медициналық мекемелерде дезинфекциялық құралдар мен қорғаныш құралдары жеткілікті мөлшерде бар, деп хабарлайды ШҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі
- БМСК деңгейінде тұмауға қарсы иммундау жүргізу үшін тұмаудан асқыну қаупі жоғары топқа жататын 79 910 адамға 338 егу кабинеттері ұйымдастырылды. «СК-Фармация»-ның жергілікті бюджетінен бөлінген қаржыға 88 539 доза вакцина сатып алынды,- дейді департамент мамандары.
2019-2020 жж. эпидмаусымда (қыркүйек-сәуір) 60 455 ЖРВИ жағдайы тіркелді (қарқынды көрсеткіш – 100 мың адамға шаққанда 4415,67), 2018-2019 жж. 63 528 (қарқынды көрсеткіш – 100 мың адамға шаққанда 4640,12) жағдай тіркелген болатын.
- 2019-2020 жж. эпидмаусымда тұмауға қарсы вакцинаның 85 134 дозасы сатып алынды, вакцина толығымен 100% игерілді. ЖРВИ және тұмаудың эпидемиологиялық маусымына дайындық кезеңі әлі жалғасуда.