KZ
Өскемен
+23°
переменная облачность жел 4 м/с, З
439.43 473.31 4.82

Қазақстан Республикасы әскери полициясының құрылғанына он алты жыл

7.05.2013, 18:00 148


Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери полициясының құрылғанына он алты жыл толды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Бұл ведомство 1997 жылдың сәуірінде ел Президентінің «Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының жүйесін одан әрі реформалау жөніндегі шаралар туралы» Жарлығымен Қарулы Күштерде құқық қорғауды қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ, әскери қылмыстарды тексеру үшін құрылған-ды. Қазіргі кезде әскери полиция органдарында төрт әскери полиция отряды, 16 бөлім, 4 бөлімше және әскери полиция мамандарын даярлайтын орталық жұмыс істеп тұр. Олардың барлығы заманауи құралдармен және әскери техникамен жабдықталған.

Бүгінде әскерлердің күнделікті тыныс-тіршілігін әскери полицияның қатысуынсыз елестету мүмкін емес.
Әскери полиция құқықбұзушылықтың алдын алу, әскери техниканы алып жүру, гарнизондарда патрульдік қызмет, жаттығу кезінде құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, қылмысты ашу және оның жолын кесу, әскери қызметшілерді іздестіру сияқты маңызды міндеттермен қоса басқа көптеген функцияларды атқарады.

Өзінің құрылған күнінен бастап әскери полиция органдары орасан зор жұмыстар атқарды. Оны Қарулы Күштерде тіркелген тәртіп бұзушылықтың жыл сайын кеміп келе жатқандығынан көруге болады.

Қазіргі таңда әскери полицияның Қарулы Күштердегі орны ерекше. Әскери бөлімдер мен тәрбие құрылымдары арасындағы жүйелі жұмыстың нәтижесінде әскерлерде тәртіп бұзушылықты айтарлықтай қысқартуға қол жеткізілді.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив