KZ
Өскемен
+7°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, Ю
486.65 524.46 5.05

Министр: Күзгі жауын-шашынға қарамастан, егін шығынсыз жиналды

Кеше, 12:00 37 Төлеуғазы Жансая

Елімізде егін жинау маусымы аяқталды. Биыл егістің орташа өнімділігі 16 ц/га құрады. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров мәлім етті.

«Биыл елімізде жалпы егіс алқабы 23,3 млн га құрады, оның ішінде 16,7 млн га жерге дәнді-дақыл егілді. Күзгі жауын-шашынға қарамастан, егін шығынсыз жиналды. Бүгінде егіс пен дәнді дақылдарды жинау аяқталды, қазір жүгеріні жинау жалғасуда. Дәнді-дақылдың 99,7%-ы жиналды. Биыл егістің орташа өнімділігі 16 ц/га құрап, 26,5 млн тонна астық бастырылды. Жоғары өнімділікке қолайлы ауа райы мен агротехнологияларды дұрыс қолдану, яғни сапалы тұқымдарды пайдалану, минералды тыңайтқыштарды енгізу және өсімдіктерді тиімді қорғау арқылы қол жеткізілді», - деді Айдарбек Сапаров Үкімет отырысында.

Министрдің айтуынша, биылғы науқанда Қызылорда, Түркістан және Жетісу облыстарында жоғары көлемде егін жиналды.

«Астық егетін өңірлер арасында ең жоғары өнім жинау көрсеткіші Солтүстік Қазақстан облысында тіркелді, мұнда орташа өнімділік 18,6 ц/га құрады. Одан әрі Ақмола облысында – 14,1 ц/га, ал Қостанай облысында – 14 ц/га егіс жиналды. Аталған өңірлерде агротехникалық іс-шараларды қатаң сақтайтын кіші шаруашылықтардың өздері де орташа деңгейден жоғары өнім алды. Мысалы, Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданындағы «Ақ-Жер 210» шаруа қожалығы 42,5 ц/га бидай жинады. Қостанай облысында «Сарыколь Агро» шаруа қожалығы 40 ц/га өнімділікке қол жеткізді. Сондай-ақ Ақмола облысының Сандықтау ауданындағы «Свободное» шаруа қожалығы 35 ц/га өнім алды», - дейді ведомство басшысы.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив