«ҰЛЫ ЖЕҢІС. 80 ЖЫЛ» коллекциялық монеталары айналымға шықпақ
Қазақстан Ұлттық Банкі «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» сериясы аясында «ҰЛЫ ЖЕҢІС. 80 ЖЫЛ» атты коллекциялық монеталарын айналысқа шығарады. Бұл монеталар – Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған, тарихи оқиғаның мәні мен маңызын айшықтайтын ерекше нышан, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Монета дизайнында отансүйгіштік пен ерлікке деген терең құрмет көрініс тапқан. Онда қаһармандарды еске салатын мәңгілік алау мен «80» санын құрайтын жеңіс лентасы бейнеленген. Бұл көркем композиция Мемлекеттік Ту элементтерімен үйлесімді жасалған.
Сатылымға шығатын күні туралы толық ақпарат Қазақстан Ұлттық Банкінің ресми сайтында қосымша жарияланады.

