KZ
Өскемен
-18°
туман жел 1 м/с, СБ
509.75 594.67 6.46

400-ден астам ауыл ішімдіктен бас тартты: бастама қолдау табуда

27.07.2025, 11:00 210 Гульжан Мусина

Қазақстанда ішімдіктен бас тартқан ауылдар саны артып келеді. Қазір республика бойынша 400-ден астам елді мекен маскүнемдікке қарсы қозғалысқа қосылған. Бұл туралы Үкімет отырысында айтылды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Премьер-министр Олжас Бектенов өз сөзінде мұндай бастамаларды қолдап жүрген белсенділер мен жергілікті әкімдіктерді ынталандыру қажет екенін атап өтті. Себебі ішімдіктің салдарынан елде ауыр қылмыстар азаймай отыр:

  • кісі өлтірудің жартысынан астамы,
  • әрбір үшінші бұзақылық,
  • төртінші тонау – мас күйде жасалады.
— Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша біз заңнаманы қатаңдаттық. Енді әйелдер мен балаларға қатысты кез келген заңсыз әрекетке жол берілмейді. “Заң мен тәртіп” қағидаты – қоғамда зорлық-зомбылыққа орын жоқ деген сөз, – деді Үкімет басшысы.

ІІМ мәліметінше, соңғы үш жылда тұрмыстық зорлық-зомбылыққа байланысты арыз-шағымдар саны 35%-ға азайған. Ал 2025 жылдың басынан бері өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 20%-ға төмендеу байқалып отыр.

Сонымен бірге, отбасылық-тұрмыстық қылмыстар саны 34,9%-ға қысқарған.

Дегенмен, Премьер-министр бұл оң өзгерістерге қарамастан, отбасы ішіндегі зорлық-зомбылық елдегі демографиялық саясат үшін маңызды әрі өзекті мәселе болып қала беретінін айтты.

Қандай шаралар қабылданады?

Ведомствоаралық үйлестіру күшейтіледі
Ақпараттық түсіндіру жұмыстары артады
ҮЕҰ-мен (үкіметтік емес ұйымдар) өзара іс-қимыл нығаяды
Психологиялық көмек көрсету ауқымы кеңейтіледі

Былтыр Ішкі істер министрлігінде осы салаға жауапты арнайы бөлімше құрылған болатын. Қазір ол түрлі мемлекеттік органдармен бірлесіп профилактикалық жұмыстар жүргізуде.

Отырыста отбасындағы зорлық-зомбылықты көріп өскен балалар туралы да сөз болды. Білім министрлігіне мұндай кәмелетке толмағандарды ерте анықтап, оларға дер кезінде қолдау көрсететін жүйе әзірлеу тапсырылды.

Олжас Бектенов Отбасын қолдау орталықтарының жұмысын кеңейтіп, цифрлық жүйелерді тиімді пайдалануға және барлық ведомстволардың күшін біріктіріп әрекет етуге баса назар аударды.

Үкімет отырысы соңында Премьер-министр жергілікті билікке рақымшылықпен босатылған азаматтарды қайта қоғамға бейімдеуді тапсырды. Бұл – олардың қайта қылмысқа бармауы үшін маңызды қадам. Сонымен қатар тұрмыстық зорлық-зомбылықтың қайталануын болдырмау – алда тұрған басым міндеттердің бірі екені айтылды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу