KZ
Өскемен
-5°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, З
502.57 591.68 6.42

Қазақстандық опера жұлдызы әлемдік сахнаны бағындырды

28.07.2025, 18:30 183 Гульжан Мусина

Қазақстандық опера әншісі Әйгерім Алтынбек Италияның Портофино қаласында өткен XI Халықаралық CLIP 2025 опера байқауында топ жарып, ел намысын халықаралық деңгейде қорғады. Ол бірінші орынды иеленіп қана қоймай, көрермен көзайымы жүлдесін, «Үздік әйел дауысы» марапатын және қазылар алқасы мүшесі Карло Майердің арнайы сыйлығын жеңіп алды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Бұл — Қазақстан тарихында алғаш рет Орталық Азия өкілі аталмыш беделді байқауда абсолютті жеңімпаз атанып отырған сәт.

CLIP байқауы – әлемдегі ең ықпалды вокалдық конкурстардың бірі. Биылғы байқауға 200-ге жуық өнерпаз өтінім берген. Алайда финалға тек 10 орындаушы өтті. Ақтық концерт Teatro Carlo Felice оркестрінің сүйемелдеуімен Портофино қаласының орталық алаңында өтті.

Қазылар алқасының төрағасы Доминик Мейердің айтуынша, байқау тарихында алғаш рет бір үміткер – Әйгерім Алтынбек жарыстың басынан бастап барлық қазылар рейтингінде көш бастап тұрды. Бұл өте сирек кездесетін жағдай.

«Үздік әйел дауысы» жүлдесі Әйгерімге Чилидің Ибаньес-Аткинсон қоры тарапынан берілді. Аталған халықаралық ұйым әлем бойынша жас вокалистерді іздеп, қолдау көрсетумен айналысады. Қор Әйгерімге кәсіби ынтымақтастық және Оңтүстік Америкадағы опера сахналарында өнер көрсету бойынша ұсыныс жасады. Ол — бұл құрлықтан қолдау тапқан алғашқы еуропалық емес әнші.

Әйгерім Алтынбектің жеңісі — Қазақстанның опера өнері үшін тарихи жетістік. Бұл қазақстандық вокал мектебінің жоғары халықаралық талаптарға толық сай екенін көрсетті.

Дереккөз: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу