KZ
Өскемен
-25°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, СШ
510.95 594.49 6.5

42,2 тонна тауық еті Қытайға кері қайтарылды

pixabay.com

8.08.2025, 12:00 242 Айна Бакимбаева

Жетісу облысындағы «Нұр-Жолы» шекара бекетінде Қытайдан Түрікменстанға бағытталған 42,2 тонна мұздатылған тауық етін Қазақстан аумағы арқылы заңсыз өткізу әрекеті тоқтатылды. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті айтты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Мамандардың мәліметінше, тауық филесі Қазақстанда құс етіне қатысты енгізілген уақытша шектеулерді бұза отырып тасымалданған.

Қолданыстағы талаптарға сәйкес, Қазақстан аумағына мынадай өнімдер мен тауарларды әкелуге уақытша тыйым салынған:

  1. тірі құстар;
  2. инкубациялық жұмыртқалар;
  3. қауырсын мен мамық;
  4. жеткілікті термиялық өңдеуден өтпеген құс өнімдері;
  5. құсқа арналған кейбір жем түрлері;
  6. пайдаланылған жабдықтар.

Осы талаптардың бұзылуына байланысты тауар иесіне әкімшілік хаттама толтырылып, тауық етінің бүкіл партиясы Қытайға кері қайтарылды.

Комитет өкілдері сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға Қазақстанның ветеринариялық-санитариялық талаптары мен шектеулерін қатаң сақтауға шақырады.

«Бұл талаптар – елдің ветеринариялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін маңызды. Ережелерді елемеу жауапкершілікке әкеледі», – делінген ресми мәлімдемеде.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу