Балабақшадан бастап колледжге дейін: жеке қауіпсіздік сабақтары қайта өтеді
Фото AI арқылы жасалған
1 қыркүйектен бастап еліміздегі барлық білім беру ұйымдарында жеке қауіпсіздікке арналған сабақтар қайта жүргізіледі, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, мұндай сабақтардың мақсаты – балаларды түрлі өмірлік жағдайда дұрыс әрекет етуге үйрету, қауіпсіздік дағдыларын қалыптастыру және жеке жауапкершілікті арттыру.
Сабақтар балабақшадан бастап колледжге дейін барлық деңгейде өтеді. Әр жас ерекшелігіне сай жеке блок дайындалған.
Еске сала кетсек, бұл бастама 2023–2025 жылдарға арналған балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу және олардың құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған кешенді жоспар аясында қолға алынған.