KZ
Өскемен
-2°
пасмурно жел 2 м/с, ОШ
512.81 604.19 6.57

Қазақстанда коммуналдық төлемдер бірыңғай жүйеге көшеді

Фото: krisha.kz

11.09.2025, 15:00 217 Төлеуғазы Жансая

20 қыркүйектен бастап елімізде коммуналдық қызметтерді төлеу тәртібі өзгереді. Енді әр қызметке бөлек түбіртек келмейді – барлық төлемдер бір шотта біріктіріледі, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Krisha.kz сайтына сілтеме жасап.

Яғни жарық, су, қоқыс шығару және басқа да қызметтердің барлығы Бірыңғай есеп айырысу орталығы (БЕО) арқылы дайындалатын бір ғана төлем құжатына енгізіледі.

Шотты электронды түрде жеке кабинеттен алуға болады, ал қаласаңыз қағаз түрінде де рәсімделеді.

Барлық ақша алдымен БЕО-ның транзиттік шотына түседі де, 3 күн ішінде тиісті ұйымдарға аударылады. Бұл әдіс төлемдерді ашық етіп, бақылауды күшейту үшін енгізілуде.

Сонымен қатар коммуналдық төлемдердің бірыңғай мерзімі бекітілді: әр айдың төлемін келесі айдың 25-іне дейін өтеу қажет. Бұрын төлем мерзімі келісімшартқа немесе жергілікті ережелерге байланысты әртүрлі болатын.

Енді:

  • Қызмет көрсетушілер жіберілген қателер үшін толық жауап береді;
  • Әкімдік төлемдер мен есеп-қисапты тексере алады;
  • Шағым тек қол қойылып, фото немесе бейнематериалдармен дәлелденсе ғана қаралады.

Жаңа жүйе тұрғындарға ыңғайлы болмақ: әр қызмет үшін бөлек түбіртек іздеп әуре болмайсыз, барлығы бір құжатта көрініс табады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу