KZ
Өскемен
-7°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, ОШ
509.94 593.88 6.43

Бүгін еліміздің бірнеше өңірінде қолайсыз ауа райы күтіледі

stock.adobe.com

18.09.2025, 10:30 196 Төлеуғазы Жансая

Қазгидромет синоптиктерінің мәліметінше, 18 қыркүйекте еліміздің бірнеше өңірінде қолайсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Шымкент қаласында төтенше өрт қаупі сақталады.

Алматы облысында оңтүстікте және таулы аудандарда қатты жаңбыр жауып, күндіз бұршақ пен дауыл тұруы мүмкін. Кей жерлерде найзағай ойнайды, түнде және таңертең тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15–20 м/с жетпек. Облыстың солтүстігі мен батысында төтенше, ал орталығы мен оңтүстігінде жоғары өрт қаупі бар.

Жамбыл облысында таулы аудандарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл болжанған. Оңтүстік-шығыста найзағай күтіледі. Кей өңірлерде жел күшейіп, 15–20 м/с жетеді. Облыстың батысы, солтүстігі мен орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Павлодар облысының оңтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Батыс, оңтүстік және шығыс бөлігінде найзағай болжанып отыр. Кей жерлерде жел күші 15–20 м/с жетеді.

Қарағанды облысында күндіз кей аудандарда қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ болуы мүмкін. Түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстікте төтенше өрт қаупі бар.

Ұлытау облысында түнде және таңертең тұман күтіледі. Оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысының солтүстігінде және таулы аудандарында найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15–20 м/с жетеді. Өңірде төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында түнде және таңертең тұман болады. Қостанай облысының солтүстігінде топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі.

Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында күндіз найзағай болжанған. Түнде және таңертең тұман түседі. Кей жерлерде желдің жылдамдығы 15–20 м/с жетеді.

Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау және Маңғыстау облыстарында төтенше және жоғары өрт қаупі күтіледі. Маңғыстаудың солтүстік-шығысында тұман түседі.

Қызылорда облысында 18–20 қыркүйек аралығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу