KZ
Өскемен
-7°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, С
499.04 544.45 5.96

Отандастарымыздың зейнетақы жинақтары 22,6 трлн теңгеден асты

Фото: gov.kz

Кеше, 16:30 90 Бакимбаева Айна

Қазақстандықтардың Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы (БЖЗҚ) жинақтары 2025 жылғы 1 ақпанда 22,6 трлн теңгеден асты. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 25%-ға көп, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Қордың ресми мәліметіне сәйкес, зейнетақы жинақтарының негізгі бөлігі – 21,7 трлн теңге міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан. Сонымен қатар, міндетті кәсіптік және ерікті зейнетақы жарналарының көлемі де өсуде. Әсіресе, ерікті жарналар бойынша жинақтар 45%-ға ұлғайып, жоғары қарқын көрсетіп отыр.

Жыл басынан бері салымшылардың шоттарына 234 млрд теңгеден астам зейнетақы жарналары түсті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 25%-ға артық. Ал қаңтар айында БЖЗҚ-дан жеке тұлғалар мен сақтандыру ұйымдарына аударылған төлемдер мен аударымдар 128 млрд теңгеден асты. Оның басым бөлігі тұрғын үй жағдайын жақсарту мен емделуге арналған біржолғы төлемдерге бағытталған.

Қазіргі уақытта БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шоттарының жалпы саны 17,2 млн-ға жетті. Оның ішінде 12,5 млн шотқа міндетті зейнетақы жарналары түседі. Сондай-ақ, жаңа енгізілген жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары бойынша да шартты шоттар саны артып келеді.

Зейнетақы активтері туралы толық ақпаратты enpf.kz сайтынан табуға болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу