KZ
Өскемен
+5°
туман жел 1 м/с, С
479.71 533.77 5.16

ШҚО-да ерекше аялдама пайда болды

8.04.2023, 09:30 226 Оразай Жеңісұлы

Шемонаиха қаласында ерекше аялдама пайда болды. Жолаушылар бұл аялдамада қоғамдық көлікті күтіп тұрып, өрт қауіпсіздігі ережелерін зерделей алады.

Жергілікті төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері осындай профилактикалық нысан ашу туралы бастама көтерген, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.  

«Өрт қаупі күшейетін кезең басталды. Сондықтан оқыс оқиғалардың алдын алу үшін тың әдіс қолдандық. Қазіргі кезде уақыт тапшы. Ал автобустарды кейде 10-15 минут күтуге тура келеді. Осы кезде тұрғындар құтқарушылардың ұсыныстарына назар аударады деп сенеміз», – дейді Шемонаиха қаласының төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Арман Наурызбаев.

 

Жергілікті тұрғындар бұл жаңалықты қуана қабылдаған көрінеді.

«Бұл аялдама тұрғындарға үлкен сый болды. Әрі адам көп жүретін орталықта орналасқан. Өте қуаныштымыз, енді ережелерді зерделейтін боламыз», – дейді Шемонаиха қаласының тұрғыны Айнұр Смағұлова.

Айта кетейік, аялдамада құтқарушы мамандығын қайдан оқуға болатыны жөнінде де ақпарат бар.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив