KZ
Өскемен
+16°
пасмурно жел 1,6 м/с, З
439.4 473.54 4.76

Өскемендегі Молдағұлова көшесінде жылы аялдама болмайды

12.02.2018, 04:08 99

Молдағұлова көшесінің бойында орналасқан аялдамада жылыту құралы жоқ екен. Таңертең автобусты ұзақ күтетін тұрғындар суықта тоңып қалатындарын айтып, жиі шағымданады. Әсіресе, мектепке, балабақшаға баратын бүлдіршіндерге қиын-ақ.


Бұл мәселенің себебін біз аялдамаларға жауапты «Өскемен Тәртіп» коммуналдық кәсіпорнына хабарласып, білдік.


-Молдағұлова көшесіндегі аялдамаға теплофон қою қарастырылмаған, - деп хабарлайды «Өскемен Тәртіп» кәсіпорнының баспасөз хатшысы Әсел Ахметжанова. – Бұл жылы аялдама емес, тек жел мен жаңбырдан қорғайтын жабық аялдама ғана.

Белгілі болғандай, аталмыш көшедегі аялдамаға теплофон қоюға бюджеттен қаржы бөлінбеген екен.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив