KZ
Өскемен
+11°
переменная облачность жел 2 м/с, З
479.71 533.77 5.16

Сот ісін қозғадық – Даниал Ахметов «Риддер ЖЭО» туралы

13.04.2023, 11:30 216 Оразай Жеңісұлы

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі Риддердегі жылу электр орталығын бюджет есебінен жөндеуге дайын. ЖЭО-ға қатысты 2,7 млрд теңгеге сот ісі қозғалған екен.

Бұл туралы өңір басшысы Даниал Ахметов баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды  Altaynews тілшісі.

Аймақ басшысның айтуынша, «Риддер ЖЭО» АҚ» қарызға белшеден батқан. Компанияның кредиторлық берешегінің өзі 3,3 млрд теңге.

«Кәсіпорын басшылығы электр энергиясының да, судың да, мазуттың да ақшасын төлемеген. Жұмысшыларға да жалақы бермеген. Қол қусырып қарап отыр. Былтыр 6 қарашада құрылысшылар мен арнайы мамандар барып 600 млн теңгенің жұмысын орындады. Сол кезде, қолданыстағы тәжірибеге қайшы болса да, төртінші және бесінші жоғары қысымды қазандықтарды іске қостық және мұнымыз дұрыс болды. Біз барғанда қазандықтар шашылып жатқан, бір метр сым да болған жоқ, бәрі өртеніп кеткен. Содан желтоқсан айында қазандықтар іске қосылды, қазір станцияны «құтқарып» тұрған – осы. Бірақ компания жұмысшыларға бір тиын да төлемеді. Жұмысшылар жаңа басшылықтан үміт күтіп еді, одан да ештеңе шықпады. Қазіргі басшылық бұрынғысынан да сорақы», – деді Даниал Ахметов.

Облыс әкімінің айтуынша, көмір мен мазутты Өскемен жылу желілері жеткізеді. Қаланы жылумен қамтамасыз ету үшін алдын ала төлем жасалған. Сондай-ақ өңір басшысы акционерлік қоғамның ақпан айындағы жалақы берешегі жабылғанын және дебиторлық берешек төленгенін мәлімдеді.

«Біз олардың әрекетсіздігіне қарап отыра алмаймыз. Басқаруды толық өз қолымызға алдық. Жағдай қиын, бірақ үміт бар. Біз не істеу керектігін білеміз. 2,7 млрд теңге сомасына сот ісін қозғадық. Кәсіпорын иесі бұл қаржыны өтей бастаса, жұмыс алгоритмі пайда болады. Ал ол тарап қазіргідей қимылсыз отыратын болса, заңға сәйкес барлық шараларды қабылдаймыз», – деді Даниал Ахметов.

Облыс басшылығы жылу электр орталығын коммуналдық меншікке алуға және қыркүйек айының ортасына дейін кәсіпорынды ретке келтіруге дайын.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив