KZ
Өскемен
-12°
небольшой снег жел 2 м/с, З
509.84 595.75 6.47

Самарда «Nomad MMA» чемпионаты өтті

25.04.2023, 16:18 589

22 сәуірде Самар ауданында ұлдар мен қыздар арасында аралас жекпе-жектен «Nomad MMA» Шығыс Қазақстан облысының чемпионаты өтті. 
Жарыс алаңында Өскемен, Глубокое, Алтай, Самар, Көкпекті командаларының спортшылары күш сынасты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі. 
Мұндай жарыс Самар ауданында алғаш рет өткізіліп отыр. Сарыбел ауылында өткен турнирге Өскемен қаласы, Глубокое, Алтай, Самар, Көкпекті аудандарының құрамалары қатысқан. Күш сайысында 13 команда атынан шыққан 138 спортшы өзара мықтыны анықтады. Жеңімпаздарға алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табысталды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу