«Туған жер – алтын бесігім!»: Өскеменде Алтай ауданының мәдени күндері өтеді
2025 жылдың 11–13 желтоқсаны аралығында «Туған жер – алтын бесігім!» облыстық жобасы аясында Өскеменде Алтай ауданының мәдени күндері өтеді, деп хабарлайды Altainews.kz.
11–желтоқсан
• 10:00 – Жастарды Алтай ауданына жұмысқа тарту және болашақта жұмысқа орналастыру мүмкіндіктерін түсіндіру мақсатында С.Аманжолов атындағы ШҚУ студенттерімен кездесу.
• 11:00 – «Maxi Mall» сауда орталығында (Қаныш Сәтпаев даңғылы, 51) Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Өскемен тұрғындары арасында Абайдың 180 жылдығына арналған «Ұлы Абайдың қара сөздері» атты викторина өтеді.
• 11:30 – Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ студенттерімен кездесу.
• 15:00 – Серебрянск қаласының музыка мектебі оқытушыларының Халық әртістері, ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесі студенттерімен кездесу.
• 17:00 – Облыстық шайбалы хоккей турнирі (Өскемен қ., Б.Александров атындағы спорт сарайы, Абай даңғылы, 2)
12–желтоқсан
• 14:00 – «Maxi Mall» сауда орталығында (Қаныш Сәтпаев даңғылы, 51) «Зыряночка» ОАТ қатысуымен «Халықтар достығы» флешмобы.
Мақсаты – өңірде тұратын ұлт өкілдерінің бірлігі мен мәдени мұрасын көрсету, ынтымақ пен өзара түсіністікті нығайту, жағымды атмосфера қалыптастырып, толеранттылық пен бірлік идеяларына назар аударту.
• 17:00 – «Абай әлемі» көрмесі. Көрмеде инсталляциялар, жергілікті суретшілердің картиналары, қуыршақтар көрмесі ұсынылып, Абайдың өлеңдері мен музыкалық шығармалары орындалады (ШҚО филармониясы, Протозанов көшесі, 43).
• 18:00 – Алтай ауданының шығармашылық ұжымдарының қатысуымен гала-концерт (ШҚО филармониясы, Протозанов көшесі, 43).
13–желтоқсан
• 08:00 – «Алтай» көтерме-тарату сауда орталығы аумағында (Жібек Жолы көшесі, 44) ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді.
Жәрмеңкеде жергілікті тауар өндірушілердің, шаруа және фермер қожалықтарының кең ассортименттегі өнімдері қолжетімді бағамен ұсынылады: сиыр еті, жылқы еті, қой еті, үй құстарының еті, картоп пен көкөністер, жеке қосалқы шаруашылықтардың сүт өнімдері, күнбағыс майы, мұздатылған, салқындатылған;, ысталған форель, бал, үй тағамдары (тұздықтар, саңырауқұлақтар, тосап), сондай-ақ нан-тоқаш өнімдері.
Жәрмеңке қатысушылары үшін концерттік бағдарлама, сайыстар, ойындар және спорттық іс-шаралар ұйымдастырылады.