KZ
Өскемен
+4°
ясно жел 1 м/с, В
479.71 533.77 5.16

ЕАЭО елдерінің тауарына салынатын қосымша құн салығы қанша?

Фото: Шығыс ақпарат

26.06.2023, 17:04 278

ШҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасарының міндетін атқарушы Асхат Жібітаев ЕАЭО шеңберінде қосымша құн салығын әкімшілендіру туралы айтты.

Оның дерегінше, салық төлеуші тауар үшін 12% мөлшеріндегі қосымша құн салығын төлеуге міндетті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

– Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 14 қазандағы №240-V Заңымен ратификацияланған Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 25-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Кеден одағы шеңберінде ЕАЭО мүше мемлекеттердің аумақтары арасында тауарларды кедендік декларациялау және мемлекеттік бақылау (көліктік, санитариялық, ветеринариялық-санитариялық, карантиндік фитосанитариялық) қолданбастан, еркін өткізу жүзеге асырылады. Сонымен қатар ЕАЭО елдерінен Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды әкелу кезінде салық төлеуші-импорттаушы ЭШФ АЖ порталында тауарларға ілеспе жүкқұжатты (ТІЖ) ресімдеуге тиіс, бұл ретте электронды құжат Мемлекеттік шекараны тауармен кесіп өткенге дейін порталда тіркелуі қажет. Мемлекеттік шекараны кесіп өту кезінде автомобиль өткізу пункттеріндегі МКО қызметкерлері ақпараттық жүйеде ТІЖ растауды жүзеге асырады. Тауарлар қоймаға нақты түскеннен кейін СТ ЭШФ АЖ порталында импорт бойынша ТІЖ-ны растау рәсімін орындауы, яғни тауарларды әкелуге арналған ТІЖ-ны дербес растауы тиіс, – дейді департамент өкілі.

Асхат Жібітаев сонымен қатар қосымша құн салығының мөлшерін де нақтылап айтты.

– ЕАЭО елдерінен тауарлар импорты кезінде салық төлеушілер тіркелген жері бойынша салық органына тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы 328-нысан бойынша өтініш беруге және 12% мөлшерінде ҚҚС төлеуге міндетті. Салық есептілігі тауарлар импорты айынан кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірілмей берілуі тиіс, – деп түсіндірді Асхат Жібітаев.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив