Бірқабатты Шығыс: Биыл 265 үй салынады
Фото: ustinka.kz
Биыл Шығыс Қазақстанда «Бірқабатты Шығыс» бағдарламасы аясында 265 үй салынады.
Бұл туралы облыс әкімдігінің Телеграм желісіндегі ресми парақшасында жазылды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
«Тұрғын үй құрылыстары «Офтейк-келісімшарттар» бойынша жүзеге асырылатын болады, ауылдық елді мекендерде тұратын аз қамтылған көпбалалы отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін 93 үй салу жоспарланған», - деп жазылған хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, «Бірқабатты Шығыс» бағдарламасы өңірде 2020 жылдан бастап іске асырылып келеді.
Оқи отырыңыз