KZ
Өскемен
-14°
туман жел 1 м/с, СБ
501.02 597.27 6.59

ШҚО полицейлері заңсыз ауланған балық тәркіледі

Фото: ШҚО ПД ресми парақшасынан алынды

4.08.2023, 14:32 333

30 шілде күні ШҚО ПД облыстық батальонының кызметкерлері "Өскемен-Семей" тасжолын бақылау кезінде 45 жастағы Риддер қаласының тұрғыны басқарған "ВАЗ-21014" маркалы автокөлігін тоқтатты.

Тексеру барысында жүргізуші тиісті рұқсат құжаттарынсыз балық тасымалдағаны белгілі болды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Автокөлікті тексеру кезінде багаж бөлігінен салмағы 27 килограмнан асатын 3 қап балық табылып, тәркіленді.

Аталған факті бойынша ҚР ӘҚБтК 383-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Ол жеке тұлғаларға он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуды көздейді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу